Түркістан облысында баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шеттетілді
Түркістан облысында баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шеттетілді
255
оқылды
Жекеменшік балабақшада түсірілген видеоны қазір Түркістан облыстық полиция департаменті мұқият тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Отырар. Қазіргі таңда тәрбиешісі жұмыстан шеттетілді.Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің тарапынан сол бесінші қыркүйек күні  Шардара аудандық полиция бөліміне тиісті хат жолданды
"Шардара АПБ-ға "Ватцап" мессенджерінде белгісіз әйел, жас баланы қатаң тәртіпте тәрбиелеп отырған бейнежазба бойынша хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары аталмыш бейнежазбаны тексеру барысында, оқиғаның 1 қыркүйек күні Түркістан облысы Шардара қаласындағы балабақшалардың бірінде орын алғанын анықтады. Аталған жайт Шардара аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Балабақша тәрбиешісіне қатысты "ешқайда кетпеу туралы қолхат" қолданылды. Қазіргі уақытта Шардара аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтауда", – дейді Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.