Агросалаға серпін беретін құжат
Агросалаға серпін беретін құжат
274
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Парламент Сенатының отырысы өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асылтұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Бұл құжат қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді және асылтұқымды мал шаруашылығы саласында қазіргі заманғы нормативтік база қалыптастыруды көздейді. Атап айтқанда, жаңа нормалар агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі жаңғыртуға және цифрландыруға, асылтұқымды мал шаруашылығындағы тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, биоэтанолды пайдалану саласын кеңейтуге және осы бағыттағы басқа да мәселелерді оң шешуге арналған. Сонымен қатар сенаторлар Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бірлескен комис­сияның құрамына Сенат депутаттарын сайлау туралы мәселені қарады. Талқылау нәтижесінде сенаторлар Владимир Волков, Ақылбек Күрішбаев, Ақмарал Әлназарова және Ерік Сұлтанов комиссия құрамына сайланды. Отырыс кезінде сенаторлар депутаттық сауал­дарын да жолдады.