СҚО-да электр шалғы тиіп кеткен қыз жансақтау бөліміне түсті
СҚО-да электр шалғы тиіп кеткен қыз жансақтау бөліміне түсті
407
оқылды
Үй ауласында ойнап жүрген қызды электр шалғы кесіп кеткен. Бүлдіршін шұғыл түрде Есіл ауданының ауруханасына жеткізілді. Облыс орталығынан дәрігерлер бригадасы да көмекке атанды. Астана телеарнасының хабарлауынша, хирургтар өз тәжірибесінде мұндай жағдай көптен бері болмағанын айтыпты. Науқастың жағдайы өте ауыр болды, секундтардың өзі маңызды сәтте дәрігерлер ерен іс тындырды.
"Ішкі ағзалардың зақымдану механизмінің өзі өте ауыр деп бағаланды. Біз 4 сағаттан артық асықпай ота жасадық: асқазанды, 12 елі ішекті, тіпті бауырды да мұқият түгендедік. Бауырдың бір бөлігі дененің төменгі жағына қарай салбырап қалған. Дегенмен, бірлескен күш-жігердің арқасында біз бүлінген барлық органды қалпына келтіре алдық", – дейді Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы Балалар хирургиясы бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Олег Новицкий.
Қазір қыз бала Петропавлдағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр.