Бағдарламаның баяны
Бағдарламаның баяны
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру­дың Жол картасы аясында Түркістан облысында 2 мектеп пай­да­лануға берілді. Мақтаарал ауданының Абат елді ме­ке­нінде Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы ор­та мектептің лентасы қиылды. Білім ұя­сы 300 орынға шақталған. Жобаның құ­ны – 976 млн 763 мың теңге. Мақтаарал ау­данында 56 мектеп бар, онда 28 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Жыл соңы­на дейін осы өңірде тағы бір мектеп қол­данысқа беріледі. Сондай-ақ Келес ау­­данының Ынтымақ елді мекенінде Ра­қымжан Қошқарбаев атындағы №37 мек­теп ашылды. 2017 жылы «Айдана» ЖШС мердігер мекемесі құрылысты аяқтамаған бо­латын. Былтыр ғимарат құрылысы қол­ға алынып, заман талабына сай етіп қол­да­нысқа берілді. Мектеп 300 оқушыға ар­налған. «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жо­лы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сай­лауалды бағдарламасының Жол кар­та­сына енгізілген нысандардың құрылысы пар­тиялық қадағалауда. Осыған орай, 15 та­мыздан бастап Ордабасы ауданының Төр­ткүл, Мақташы, Аққойлы және Дер­бес ауылдарында құрылысы жүріп жатқан нысандарға партиялық бақылау бекеттері орнатылды. Негізгі мақсат – құрылыс жұ­­мысының белгіленген мерзімде аяқ­талуын, сапалы орындалуын, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен бюджет қаражатының мақсатты жұм­салуы­на баса мән беріп, тиісті шаралар қол­дану. Құрылған бекеттердің жетек­ші­лері мен мүшелері бірқатар бағытта: құры­лыс сапасы, бөлінген қаржының тиімді игерілуі, құрылыс материалының талан-тараж­ға түспеуі, жұмысшылардың әлеу­мет­тік жағдайы және техникалық қауіп­сіз­дік ережесінің сақталуы, сондай-ақ ең­­бекақының уақтылы төленуіне мо­ни­торинг жүргізеді.

Асыл ТҰМАР