Ақмола облысында аңшы балық аулап отырған ер адамға оқ атқан
Ақмола облысында аңшы балық аулап отырған ер адамға оқ атқан
Фото: news.myseldon.com
230
оқылды
Атбасарда дәрігерлер балықшыға ота жасап, аман алып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2 қыркүйекте Атбасар аудандық көпбейінді ауруханасына мойын, кеуденің он жақ тұсына оқ тиген 39 жастағы ер адам түсті. Науқастың айтуынша, Есіл өзенінің маңында балық аулап отырғанда оған белгісіз біреу оқ атқан. Дәрігерлер ер адамның мойнына оң жақтағы супраклавикулярлық аймаққа оқ тигені анықтады. Науқасқа дәрігер хирург Виктор Козеев ота жасады. Атбасар аудандық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Зарыққан Шаубаевтың айтуынша, балықшының жағдайы тұрақты. Ер адам травматология бөлімінде емделіп жатыр. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, балықшыны Атбасар қаласының 1990 жылғы тұрғыны аң аулап жүргенде абайсызда атып жіберген. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сондай-ақ полиция Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Бұған дейін орманда жидек теріп жүрген әйелді атқан полицей туралы жазған болатынбыз.