Халық қалауы қашанда маңызды
Халық қалауы қашанда маңызды
280
оқылды
Бас қаладағы басты мәсе­ле­лерге барынша көңіл бөлі­ніп келеді. Тұрғындардың та­лабы ескеріліп, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту ал­дыңғы кезекке шығарыл­ған. Мәселен, Нұр-Сұлтан қа­­ласының әкімдігі елді ме­кендер ара­сындағы теңсіз­дікті жою үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінде қаланың әрбір төртінші тұрғыны елді мекендерде, яғни елорданың шет тұстарында тұрады. Сол үшін қала әкімдігі абаттан­ды­рылған аудандар мен елді мекен­дер арасындағы теңсіздікті жоюды мақсат етіп отыр. Тұрғындарды толғандырған түйт­кілді мәселелердің бірі – ин­же­нерлік желілер. Қазір елді ме­кен­дерде 50 шақырым инженерлік желі тартылған. Оның ішінде 11 шақырым – кәріз, 20,7 шақырым – сумен жаб­дықтау желісі, ал 3 шақырымнан астамы – нөсер кәрізі. Биыл дәл осындай тағы 10 шақырым инже­нерлік желінің құрылысы аяқталу­ға жақын. Жуырда ғана елорда сыртын­дағы елді мекендерді жеке-жеке аралап, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізген қала әкімі Алтай Көлгінов «Кирпичный» тұрғын алабының тұрғындарымен кез­десті. Кездесу барысында тұрғын­дар №12 мектептің мәселесін қоз­­ғаған-ды. Бұл мектеп осыдан 60 жыл бұрын салынған. Тұрғындар­дың айтуынша, білім ошағы қазір апатты жағдайда. Халықтың сұра­нысынан соң әкімдік бірден іске көшті. Айталық, апатты жағдайда тұрған мектептің ғимараты бұзы­лып, орнына жаңа, жайлы мектеп салынып жатыр. Құрылыс жұмысы сәтті жүзеге асса, келер жылдан бастап оқушылар су жаңа мектепте білім алатын болады. Сол сияқты жеке инвестор есебінен балабақ­ша­ның құрылысы да қатар жүріп жа­тыр. Бұдан бөлек, Чехоев көше­сіндегі (Байқоңыр ауданы Кирпич­ный елді мекені) апатты үйлердің тұрғындары да қала әкіміне базы­насын жеткізген. Ондағы үйлердің бір бөлігі 2024 жылға арналған бұзу тізіміне енгізіліпті. Бейнебақылау камераларын орнату, жол мәселесі, аула клубтары, абаттандыру секілді қозғалған түрлі проблеманы шешу жұмысы кезең-кезеңімен қолға алынып жатыр.
Қала әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, елді мекендер жеке сектор болғандықтан, 680 ша­қы­рым газ тарату желісі жүргізілген. Мәселен, Алматы және Сарыарқа ау­дандары газбен қамтамасыз етіл­се, Байқоңыр және Есіл ауданда­рын­да газ құбырын тарту жұмысы қызу жүріп жатыр. «Соңғы жылда­ры елді мекендердің өзінде 250 көше салынып, жөнделді. Биыл тағы 70 көшені асфальттаймыз, оның негізгі бөлігі аяқталды. Сол сияқты 300-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктер: саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар абат­тан­ды­рылды, денешынықтыру-сауық­тыру кешендері, бірқатар оқу орны салынды. Мемлекет басшы­сы қаланың шет аумақтарын да­мы­туға ерекше көңіл бөледі. Біздің мақсатымыз – елді мекендерге қажетті инфрақұрылым жүргізіп, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысан­дар, демалыс орындарын салу», – дейді қала әкімі.