Ақтөбеде жол апатынан жолаушы қаза тапты
Ақтөбеде жол апатынан жолаушы қаза тапты
Фото: ПД-нен алынды
Ақтөбедеде жол апатынан төрт адам ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, бір жолаушы қайтыс болды. Оқиға Шұбарқұдық ауылы мен Қандыағаш қаласы арасында болды. ВАЗ-2114 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі ауылдан Қандыағаш қаласына қарай келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте Nissan Teana көлігімен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы Темір орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Кейін Nissan Teana автокөлігінің жолаушысы қайтыс болды», – деді полицейлер.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, бес адамға көмек көрсетілді. 48 жастағы әйел көз жұмды. Көлік ішіндегі адамдардың көбі бас-ми жарақатын алған. Ауруханада ем қабылдап жатыр.