Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 3 бөлмелі пәтер беріледі

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 3 бөлмелі пәтер беріледі

Абай облысы Жарма ауданы Бозжыра ауылында қызыл жалынның ортасында қалып, қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 3 бөлмелі пәтер беріледі. Бұл туралы Абай облысы әкімдігі хабарлады. Марқұм Айдос Тоғызбаев №22 өрт сөндіру бекетінде қызмет еткен.

«Фирма Азия» ЖШС марқұмның отбасына 3 бөлмелі пәтер береді. Айдос Ерланұлының артында әйелі мен 5 баласы қалды», – деді әкімдік қызметкері.
2019 жылдан бері еңбек еткен 36 жастағы сержант ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылды. Бұған дейін алапат өрт кезінде өрт сөндіруші қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.