Қазақстанда 16 мың заңды тұлға бизнес үшін алған кредитін төлемеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, қордаланған қарызды жеке инвесторға берілмек.
«Бүгінде 16 мың кәсіпкердің борышы 1 триллион теңгеге жетті», – деді Қизатов.Бұған дейін Үкімет басшысы кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіріп отырған мемлекеттік органдардың жұмысын сынаған болатын.