Елімізде баспанаға мұқтаж жандардың саны 10 миллионға жетуі мүмкін
Елімізде баспанаға мұқтаж жандардың саны 10 миллионға жетуі мүмкін
Фото: taunews.kz
390
оқылды
Қазақстанда баспанаға мұқтаждар саны көбеймесе, азаймайды, – деп жазады 24.kz. Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиевтің айтуынша, елімізде баспанаға мұқтаж жандардың саны алдағы 7-8 жылда 10 миллионға жетуі мүмкін. Оның айтуынша, халықты тұрғын үймен қамту қиын. Себебі, баспананың бағасы шарықтап кеткен. Мамандар түйткілді проблеманы шешу үшін отандық құрылыс материалдары өндірісін дамыту қажет дейді. Мемлекет тарапынан қолдау керек.
Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев: «Біз құрылыс саласындағы бәсекелестікті арттыруымыз керек. Сондай-ақ ашық жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заңдарды дұрыс қабылдамайынша, баспана бағасы өсе береді. Құрылыс саласын цифрландырмайынша, материалдар да қымбаттайды», – дейді.
Бұған дейін баспана сатып алушылар саны азайғанын хабарлаған болатынбыз.