Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pinterest.ru
874
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Скандинавия түбегінен Қазақстан аумағына жылжитын антициклон әсерінен күн салқындайды. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді. 10-12 қыркүйекте түнде батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстікте, сондай-ақ орталықта топырақ бетінде 1-3 градус аяз болады.