Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне көңіл айтуға барды
Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне көңіл айтуға барды
360
оқылды
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барып, II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.  Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Айта кетейік, Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.