Алматы тұрғыны көршілерінің көзінше итті тұншықтырып, ұрып жіберген
Алматы тұрғыны көршілерінің көзінше итті тұншықтырып, ұрып жіберген
525
оқылды
Алматыда жануарларға жасалған қатыгездік видеоға түсіп қалды. Полицейлер 36 жастағы тәртіп бұзушыны ұстады. Ер адамның ерсі әрекеті түсірілген видео бұған дейін әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларға қарағанда, алматылық итті үй жануарының мойнына байлаған баумен тұншықтырып өлтірген. Ер адам иттің басынан бірнеше рет жерге ұрған. Видеоның сипаттамасында оқиғаның 9 қыркүйек күні Сайран шағын ауданында болғаны айтылған. Полицейлердің мәліметінше, қылмыскердің жеке басы анықталды. Бұл сол шағын ауданның 36 жастағы тұрғыны болып шықты.
"1986 жылы туған ер адам ұсталды. Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 316-бабының 1-бөлігі "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша тіркелді. Ер адам жасаған әрекеті үшін жазаланды», - деді Әуезов ауданының полиция басқармасы.