Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда ал­дағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақты­ланды. Бюро отырысында депутаттарға бірқатар рати­фикациялық заң жобаларын қарау ұсынылды. Олар: Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иран Ислам Республикасы ара­сындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттама, Еуразиялық экономика­лық одақтың техникалық регламенттері талаптары­ның сақталуына мемлекеттік бақылауды (қада­ғалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісім. Сондай-ақ «Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді рати­фикациялау туралы» заң жобалары бар. Сонымен қатар Бюро отырысында жетінші сайланған Парламент Мәжілісі өкілеттіктерін іске асырудың үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы мәселені қарады.