Өткен жылдың басында әлеуметтік желіде «ГОК» деген фильм шықты. Киноның сюжеті өмірде шынайы болған оқиғаның негізінде жазылған. Оқиға – Солтүстік Қазақстан облысындағы тау-кен байыту комбинатының төңірегінде өрбіген. Обухов тау-кен байыту комбинатының айналасы шытырман оқиғаға бай болғаны сонша, аз уақыттың ішінде 100 мыңнан аса көрермен жинады. Оның қаншалықты шынайылыққа жанасатынын комбинатты басқаратын «Тиолайн» ЖШС-ның тең иесі Виктор Долгалев айтып берді.
Батпаққа батырған серіктес
Сөйтіп, кәсіпкер Обухов тау-кен байыту комбинатын құрал-жабдықтармен жабдықтап, құрылысын бастап кетті. Нәтижесінде, екі жылдың ішінде өндіріс іске қосып, өнім шығара бастады. Бүкіл қаржысын кәсіпорынға салып, оның 24 пайызын жақындарына таратқанын серіктестері қабылдамады. «Олар ешқандай өнім шығармастан, кәсіпорынды 30 миллионға сатып, табыс таппақ еді. Ойлағандары іске аспаған соң, жұмысқа кедергі келтіріп, жолымды бөгей бастады. Енді қажетті ақшаны олардан 15 пайыздық несиемен алдым. Сондағысы – 2 миллион доллар. Ол кезде елдегі банктер де несие бермек еді, бірақ серіктестердің талабы – несиені тек олардан алу. Сондықтан ол жақтан ақша ала алмадым. Онда да маған 40 пайызбен беретін болды. Келіспеушілігіміз осыдан басталды» деген Виктор Долгалевты артынан басшылық қызметтен алған. Ақырында кәсіпкер өзінде қалған 20 пайыз акциямен 2 миллион қарызды жауып, екі жақ тарқаспақ болған. Алайда серіктестер акцияны 2 миллион теңгеге бағалаған. Мұны білген Виктор Долгалев акциясын сатудан бас тартқан. Салдарынан 2010 жылы ешқандай ескертусіз, оны үлескер тізімінен шығарып, кәсіпорын толықтай ресейліктердің қолына өткен. Кейінгі 7 жылда комбинат 25-30 миллион доллар мөлшерінде 28 мың тонна өнім өндірді. Сол аралықта олар салық төлемей, қызметкерлерге тиын-тебен ұстатқан. Соның кесірі қазір комбинатқа тиіп жатыр. Төленбеген салыққа айыппұл салып, өтеуін бүгінгі басшылықтың мойнына ілген. [caption id="attachment_216979" align="alignnone" > ©https://pkzsk.info/[/caption]Комбинатты тірілтен Долгалев
– Бір ғана адам менің сөзіме құлақ асты. Ол – судья, фамилиясы – Омарова. Санкт-Петербордағы арбитраждық соттың шешімімен Қазақстанның азаматы бола тұра, қазақстандық компанияның үлескерлігінен шығарғанына таңданды. Соның арқасында кәсіпорындағы орнымды қайтарып, жұмысыма оралдым. Бастапқыда жасаған жиындарыма ешкім келмеді. Қайта-қайта жиналыс жасап жүріп, әйтеуір кәсіпорын басшылығын ауыстырдық. Оның үстіне, комбинат қараусыз қалып, тозып кеткен. Айлық төленбегендіктен жұмысшылар да кетіп қалған. Жарықтың өзіне 2 миллион теңге қарыз еді. Оған қоса, ресейлік серіктестерім мені қарсылас көрмеді. Себебі ол кезде ақшам да, тамыр-танысым да жоқ. Үстімнен қозғалған 14 іс қана бар. Сондықтан комбинатты аяғына тұрғызады деп ойламады, – дейді ол. [caption id="attachment_216985" align="alignnone" > ©https://dzhk.kz/[/caption] Виктор Долгалевтың айтуынша, 2017 жылы ұлдарымен бірге қалған жұмысшыларды жинап, комбинаттың қалған қалдықтарын жинап, өңдеп, цирконий шығара бастаған. Алғашқы өнімнен 7 мың доллар түскен. Оны жарыққа төлеген. – Күні-түнімен жұмыс істедік. Әркім үйдегі барын көтеріп әкелді, сонымен тамақтандық. Сол кезде жұмысшының жалақысы 60 мың теңге еді. Оны да уақытында бере алмаған сәттер болды. Бірақ 2019 жылы жағдайымыз түзелді. Жалақыда көбейді. Қазір еден жуушының айлығы – 300 мың теңге. Қызметкерлердің арасында жарты миллионға дейін алатын да қызметкерлер бар. Қосымша сыйақы мен бонустар бар, – деді Виктор Долгалев.Кәсіпорынға жасалған шабуыл
Виктордың ұлы Данилдың айтуынша, әкесінің осы кәсіпорын үшін соттасып жүргеніне он жыл болды. Қазір комбинаттың жағдайы парадоксқа айналды.Мойынға ілінген 7 триллон теңге
«Тиолайн» иесінің айтуынша, кәсіпорынды басып алу фонында зауыттағы жағдай одан әрі ушыға түскен. Өйткені пайдалы қазбаларға бай жерді, яғни Құштау тауының маңын шетелге сату мақсатындағы дау-дамайды бәрі біледі. Оның төңірегіндегі жанжал атышулы «Башқұрт сода компаниясына» қатысты. Олардың өнімін ресейліктер де, қазақстандықтар да пайдаланып отыр. – Өткен жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бастамасымен «Тиолайн» ЖШС-ның лицензиясы қайтарып алғаннан кейін құқық қорғау органдары кен орнында өндірілген барлық тиелген өнімді тәркілеп, кәсіпорын жұмыс істейтін жерді жеке шаруа қожалығына ұзақмерзімді жалға беріп тастаған. Бірақ әкімдік лицензияны қайтарып алу мәселесі әлі аяқталмағанын, іс сотта қаралып жатқанын және қазір кәсіпорынға бөлінген жер телімінде жұмыс істеуге құқылы екенін ескермей отыр. Ол аздық еткендей, әкімдік комбинаттың жүргізген жұмысы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратына залал келтірді деп, тікелей А.Бура мырзаға 7 685 612 080 000 теңге қарыз болдық, – деді Виктор Долгалев. [caption id="attachment_216983" align="alignnone" > ©https://tioline.kz/[/caption]Бұл іске әкімдіктің қатысы бар ма?
Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының 2022 жылға арналған бюджеті – 323 млрд теңге. Бұл – бүкіл облыстың бюджеті. Қазақстанның бюджеті шамамен 15 трлн, ал бұлардың қарызы – 7 трлн. «Бір жыл бұрын еңбек ұжымының келісімшартын сақтап қалу үшін бәріміз Петропавлға барып, облыс әкімі Құмар Ергібайұлы бізбен амалсыздан, мәжбүрлеген соң кездесті. Сол кезде ол әкімдіктің қатты пайдалы қазбаларға ешқандай қатысы жоқ, бұған министрлік құзырлы деген. Тіпті. Құмар Ақсақалов «мұндай тау-кен байыту комбинатының бар екенін де білмедім» деп шықты. Енді тура бір жылдан кейін қатты пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру нәтижесінде әкім аппараты құрбан болып шыға келді. Ештеңеден хабары жоқ «Бураның» жағдайы да сондай. Бұл қалай? Бұл дегеніміз, бізді, яғни отандық өндірушілерді түбегейлі құртып жіберу амалы», – деп түсіндірді Данил Долгалев. Бүгінде Виктор Долгалевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Соның бірінде 1 млрд 900 млн теңге Ресей Федерациясының азаматы Е.Плугинаға қарыз болып шықты. – Яғни, қазір Қазақстан Республикасы, бізде бір күн де жұмыс істемеген Ресей азаматы Плугинаға – 1 миллиард 900 тиын қарыз. Тергеуші Шұғаев, аға лейтенант және оның бастығы, полковник Қасымбековтер ешқандай тергеу-тексерусіз оның адалдығына сенді, – дейді Виктор Долгалев.430 адам жұмыссыз қалмасын десек...
Кәсіпорын қызметкерлері жергілікті биліктің жұмыс істеулеріне неге мүмкіндік бермей отырғанын түсінбей отыр. –Біріншіден, біз пайдалы қазба іздеген жерді артынан ретке келтіріп, талаптарға сәйкес тегістеп, толтырамыз. Өйткені бізден кейін өзге де шаруашылықпен айналыса алатындай мүмкіндік жасаймыз. Қорықпастан ол жерде егістікке де пайдалануға болады. Ілік іздейтіндей ештеңе жоқ. Екіншіден, қазір жұмыс жүріп жатқан карьердің 85 пайызы реттеліп, өңделген. Тіпті, қатарласып жұмыс істеуге де мүмкіндік бар. Бірақ бізге жерді босатуды талап етіп, сотқа жүгініп отыр. Сол азамат бізге қыста келген. Геолог мамандарымыз жердің қай бөлігінде жұмыс істейтінін көрсетіп, белгілеп те берген. Сол кезде өзі бәріне келісті. Ендігі істеп отырған әрекетін түсінбедік. Біз тек бір нәрсе Үкіметтен сұраймыз – жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер. Осының арқасында күн көріп отырмыз. Жалақы уақыты, мереке сайын сыйақысы, қызметкерлерге арналған түрлі әлеуметтік бағдарламалар да бар. Мысалы, бала туған сайын қызметкерге миллион теңгеге жәрдемақы береді. Айрандай ұйып отырған коллективті тарқатып, не табасыздар, – дейді геолог Елена Викторовна.