Жасөспірім газдан уланып қайтыс болды
Жасөспірім газдан уланып қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
205
оқылды
Шымкентте 14 жастағы қыз көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды, – деп хабарлайды «Отырар».  Қайғылы оқиға 17 ақпанға қараған түні Д. Бедный  көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Болжам бойынша 2006 жылы туған қыз көміртегі тотығынан уланған. Оқиға орнында жедел жеткен жәрдем тобы газ аспаптары мен газ құбырларын орнатудың бұзылуын анықтады. Шомылу бөлмесінде рұқсатсыз 2 м-ден 2,5 м-ге дейін екі газ құрылғысы орнатылған. Үйде ECOTERM маркасының жылдам су жылытқышы мен жылыту қазандығы бар екен. Ал, құрылғылардың алдындағы газ құбыры пластиктен жасалған. 1,5 метрлік ағынды су жылытқыштың мұржасы шомылу бөлмесінің қабырғасы арқылы 40 см шатырмен көшеге шығарылады. Жылдам су жылытқыштың мұржасында ешқандай жоба болмаған. Тіпті  үй иесінің мұндай құрылғыны пайдалануға рұқсат етілген келісімшарты жоқ. Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы