Көрнекті қаламгер Ақселеудің мыжырайып тұрған ескерткіші пайда болды
Көрнекті қаламгер Ақселеудің мыжырайып тұрған ескерткіші пайда болды
4,032
оқылды
Ұлытауда көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің көзге қораш көрінетін ескерткіші пайда болды. DALA INSIDE Telegram арнасының мәліметінше, тасмүсін өте сәтсіз шыққан. 
"Қазақ Ақселеу Сейдімбектей адуында адамды көрмеген шығар? Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы орнатылған ескерткішті қарап отауызды, орақ тілді адамды танымай қалдық. Мына ескерткіш Ақселеу Сейдімбектің мінезін, харизмасын көрсете алмапты. Ақселеуді Ақселеу қылған мінез ғой. Ескерткіште оның мінезі көзге бірден түсу керек еді. Ал мына ескерткіште мыжырайған, тұрмыстың тауқыметі жеп қойған, Ішкі саясаттың кеңсесінен ұзап шықпаған біреуді еске түсіреді екен", - деп жазды ақпарат көзі.