Өзбекстанға 1 миллион теңгенің есірткі препаратын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Өзбекстанға 1 миллион теңгенің есірткі препаратын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
 Түркістан облысындағы «Сарыағаш» теміржол өткізу пунктінде құны 1 млн теңгеден асатын «Трамадол» медициналық препаратын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
«7 қыркүйекте шекарашылар Түркістан облысы «Сарыағаш» теміржол өткізу пунктінде құны 1 млн теңгеден асатын «Трамадол» медициналық препаратының 690 таблеткасын заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті. Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарымен өткізілмек болған. Шекарашылардың қырағылығы және арнайы үйретілген «Кайла» атты иттің көмегімен контрабандалық жүк анықталды», - делінген ресми хабарламада.