Оралда студент дене шынықтыру сабағы үстінде көз жұмды
Оралда студент дене шынықтыру сабағы үстінде көз жұмды
Оралда студент дене шынықтыру сабағы үстінде қайтыс болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО білім басқармасынан мәлім еткендей, оқиға 9 қыркүйек күні Орал политехникалық колледжінде болған.
«Үшінші курс студенті Уәлихан Әміржанов дене шынықтыру сабағы уақытында кенеттен құлаған. Сол арада оқытушы мен медбике тарапынан алғашқы көмек жасалды. Жедел жәрдем дәрігерлері де кәсіби көмек көрсеткенімен, студентті аман алып қалу мүмкін болмады», – деп хабарлады ведомство.
Білім басқармасы студенттің жазатайым дүниеден өтуіне орай ата-анасы, туған-туыстарына қайғыға ортақтасып, көңіл білдірді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жасөспірім қызды пойыз қағып кеткенін жазған болатынбыз.