Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды
3,972
оқылды
Демалыс күндері синоптиктер 17 өңірде ескерту жариялады.

11 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының солтүстігінде күшті жаңбыр күтіледі. Найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Павлодар қаласында 11 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз 15-20 м/с.

11-12 қыркүйекте Іле Алатауында күннің соңында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, 11 қыркүйек күндіз екпіні 25 м/с. Жетісу Алатауында 11 қыркүйек кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 11 қыркүйек тәулік бойы, 12 қыркүйек түнде кей жерлерде найзағай ойнайды.

11 қыркүйек күннің соңында Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Алматы қаласында 11 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қаласында 11 қыркүйек күндіз найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

11 қыркүйек Атырау облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

11 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстікте, шығыста облыстың таулы аудандарында 18-23, екпіні 28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 11 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

11 қыркүйекте күндіз Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында 11 қыркүйекте найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

11 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Түнде 11 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

11 қыркүйекте Ұлытау облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 11 қыркүйекте найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

11 қыркүйекте күндіз Қарағанды облысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 11 қыркүйекте найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында 11 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

11 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 11 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 11 қыркүйекте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

11 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 11 қыркүйекте жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде 11 қыркүйекте Қостанай облысында жаңбыр, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Қостанай қаласында 11 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Күндіз 11 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, күндіз оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 11 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

11 қыркүйекте Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында, түнде 12 қыкүйекте таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 11, түнде 12 қыркүйекте облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз 12 қыркүйекте таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 11 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 12-13 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 11-12 қыркүйекте таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қаласында түнде 11 қыркүйекте найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, тәулік бойы 11, күндіз 12 қыркүйекте екпіні 15-20 м/с күтіледі.