Алматы облысында көпірден секірмек болған қыз құтқарылды (видео)
Алматы облысында көпірден секірмек болған қыз құтқарылды (видео)
422
оқылды
Алматы облысының полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Оқиға Талғар қаласында болды. Тәртіп сақшылары көпірде тұрған 16 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын байқайды.
«Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етуі арқасында ерекшеленді. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша суицидті болдырмады», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы тыныштандырып, бірден үйіне апарып, ата-анасына тапсырды. Белгілі болғандай, қыздың анасы 8 жыл бұрын өмірден өткен. Әкесімен және ағасымен бірге тұрады. Сол күні қыз ағасымен жанжалдасып, өмірімен қош айтыспақ болған.