Алматы әуежайы қызметкерлері қазақ тілін білмей, тілмаш іздеп кетті
Алматы әуежайы қызметкерлері қазақ тілін білмей, тілмаш іздеп кетті
1,268
оқылды
Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Ришат Асқарбекұлы жазды. «Еркін Ербөлек деген азамат жекеме жолдады. DV-769 Алматы-Атырау рейсі 5:30 сағатқа кешіктірілген, осыған байланысты бірнеше қызметкерлерге (Скат әуекомпаниясы) жолыққан кезде олардың (Валерия Афанасенко, Олеся Зазулина) мемлекеттік тілде мүлдем сөйлей алмайтынын байқадық", – деп жазды автор. Олар осыған наразылық білдіріп әуежайдың жауапты қызметкерін шақырған. Келген қызметкер де (Николай Булеков - әуежайдың ауысым бастығы) қазақ тілін мүлдем түсінбейтіні байқалған. Оның үстіне, барлығының бейджиктері орыс тілінде жазылған. Журналистің хабарлауынша, әуежайдың ауысым бастығы қазақ-орыс тілінде тілмаш деп бір қазақ жігітті шақырып, әбден ұятқа қалған.
«Қазақ елінде қазақ тілінде сөйлеген тұтынушыға қандай тілмаш керек? Еліміздің бетке ұстар Алматы әуежайы әкімшілігіне және Скат авиакомпаниясының әкімішілігіне бір топ жолаушы өте наразы болды. Бұл қызметкерлер тұтынушылардың құқықтарын сақтамай отырып әрі мемлекеттік тілге құрметсіздік көрсеткен үшін орнын босату керек. Одан әрі бұл жағдай қайтанбалас деп ойлаймыз», – дейді ол.