Көлігімен ғимаратқа кіріп кеткен жүргізуші ұсталды (видео)
Көлігімен ғимаратқа кіріп кеткен жүргізуші ұсталды (видео)
395
оқылды
Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желіде видеосы тараған көлік жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды ҚР ІІМ Telegram-арнасы. Ведомство мәліметінше, жексенбіге қараған түні Қарағанды қаласының 28 жастағы тұрғыны қатты жылдамдықпен келіп, қоғамдық тамақтандыру ғимаратына кіріп кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан жасырынып, үйге жетуге тағы бір әрекет жасаған. Жүргізуші бір шағынаудан маңында ұсталды. Әйел медициналық тексеруден өтуден бас тартқан.
"Полицейлер бұл деректі тіркеп, оған барлық материалдарды жинап, Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберді. Кезекші судьяның қаулысы бойынша, ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі, 611-бабы 2-бөлігі және 613-бабы 4-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықтар үшін 28 жастағы қала тұрғынына 15 тәулік әкімшілік қамауға алу және 8 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, құқықбұзушы кафе иесіне келтірілген залалды төлеуге мәжбүр болады" делінген хабарламада.