Әрбір қазақстандыққа 117700 теңгеден төленеді деген ақпарат тарады
Әрбір қазақстандыққа 117700 теңгеден төленеді деген ақпарат тарады
2,849
оқылды
Желіде тағы бір фейк ақпарат кеңінен тарап жатыр. Еліміздегі банктердің бірі әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлеуі тиіс екендігі айтылуда.
Stopfake.kz бұл алаяқтардың ісі екенін ескертіп, банктің тұтынушыларды қолдау қызметінің мәлімдемесін жариялады: «Бұл алаяқтар! Сақтық танытып, берілген сілтеме бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз. Банк өнімдері, қызметтері және өткізетін акциялары бойынша барлық өзекті ақпарат банк сайтында жарияланады». Сондай-ақ жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп аталатын парақшада таралғанына назар аудару керек. Бұл АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Рапидс қаласында хабар тарататын коммерциялық спорттық радиостанцияның атауы. Олардың ресми сайтында қазақстандықтарға банктік төлемдер жасалатыны туралы жарнамаға тапсырыс бергенін растайтын ешқандай ақпарат жоқ.