Жетісуда тағы бір орман шаруашылығы жалын құшты
Жетісуда тағы бір орман шаруашылығы жалын құшты
302
оқылды
Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Үйгентас орман шаруашылығы аумағында 100 гектар аумақта құрғақ шөп, бұталар мен жапырақты орман өртенді. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алакөл орман шаруашылығы аумағында 70 гектар аумақты алып жатқан 10 өрт ошағы тіркелген.
"8 қыркүйектен бүгінге дейін тікұшақтармен 84 тонна су шашылды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге барлығы 188 адам, 2 тікұшақ, 21 техника, 60 бүріккіш және 6 ат жұмылдырылған", – деді ведомство өкілдері.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жетісу облысы аумағында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Бұл Алакөл өңіріндегі тауда өртке оранған екінші орман шаруашылығы. Еске салайық, 7 қыркүйекте Жетісу облысы Алакөл ауданындағы "Достық" станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенгені хабарланған болатын.