Головкин-«Канело» жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
Головкин-«Канело» жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
976
оқылды
Головкин-«Канело» үшінші жекпе-жегінің тікелей эфирден көрсетілуі туралы мәлімет жарияланды, – деп хабарлайды Sports.kz сайты. 18 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі өтеді. Қазақстанда Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші айқас Qazsport телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған. Бокс кешінің трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 5:00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады. Еске сала кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек T-Mobile Arena сарайында өтеді. Алдағы жекпе-жекте супер орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағы бәске тігіледі. Қазіргі уақытта оның иесі – «Канело».