Apple былтыр шыққан смартфон үлгілерін сатуды тоқтатуы мүмкін
Apple былтыр шыққан смартфон үлгілерін сатуды тоқтатуы мүмкін
Америкалық Apple компаниясы былтыр шыққан iPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max сияқты бірнеше танымал смартфон үлгілерін сатуды тоқтатты. iPhone 11 мен iPhone 12 mini де енді сатылымға шықпайды, – деп хабарлайды  The Verge басылымы.
"Гаджеттер қоймалардағы қор таусылғанша ғана сатылады" делінген мақалада.
Дереккөздің айтуынша, Apple олардың өндірісін жаңа гаджеттер сатылуы үшін тоқтатады. Компания 2022 жылы 5G байланыс стандартын қолдайтын смартфондарды ғана шығаратыны хабарланды: iPhone 14, iPhone 14 Plus, iPhone Pro, iPhone Pro Max, iPhone 13, iPhone 13 mini, iPhone 12 және iPhone SE екінші буыны.