Қазақстандық боксшылар әйелдер арасындағы турнирде 11 медаль еншіледі
Қазақстандық боксшылар әйелдер арасындағы турнирде 11 медаль еншіледі
1,556
оқылды
Польшада өткен әйелдер арасындағы бокс турнирінде Қазақстан құрамасы атынан 17 спортшы бақ сынады.
Польшадағы бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. Спортшыларымыз 11 медаль олжалады, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.
Алтын медальді Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова иеленді. Күміс жүлде Валентина Хальзоваға бұйырды. Жеңістің үшінші тұғырына Балауса Мұздыман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мәдина Нұрашева көтерілді.