«Нұр жиһаз» қаржы пирамидасы: 153 адам зардап шекті
«Нұр жиһаз» қаржы пирамидасы: 153 адам зардап шекті
Фото: sputnik.kz
522
оқылды
Батыс Қазақстанда «Нұр жиһаз» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, қаржы жинаған күдікті ұсталды, – деп хабарлады Aikyn.kz.   Қаржылық мониторинг агенттігі БҚО-да «Нұр жиһаз» қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматты ұсталды. Жеке тұлғалардан қаражат жинап, жиһаз ойнату арқылы, міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен жұмыс істеген.
«Тергеу барысында 7,5 миллион теңгеден аса мүлік түрінде залал келтірген. 153 адам жапа шеккен. Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты кінәлі деп таныды. Енді 7 жыл Қаржы және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымда жұмыс істей алмайды. 5 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.