Қоғам қайраткері Ольга Рыльдың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі халқына арнаған кезекті Жолдауында бір реттік президенттік норма ұсынғанын сөз етті. – Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: «Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты іске асыру үшін кез келген өршіл бағдарламаны іске асыруға жеткілікті кезең қажет. Өмір бір орында тұрмайды. Ел ішіндегі жаһандық процестер мен қоғамдық даму серпіні күн сайын жеделдеп келеді.». Шынында да, біз 7 жыл – бұл Мемлекет басшысына осы мерзім ішінде өзінің барлық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруға, Қазақстан халқының жалпыұлттық дамуы мен әл-ауқаты үшін алға қойылған стратегиялық міндеттерді одан әрі жүзеге асыра алатын сенімді және табысты команда қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеткілікті уақыт деп санаймыз. Жаңа президенттік жүйе саяси тұрақтылықты, қоғамдық құрылыстың қазақстандық үлгісінің орнықтылығын нығайтады және біздің елімізге жалпыұлттық дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді, – дейді «Право» қоғамдық қорының төрағасы Ольга Рыль.