Қарағанды облысында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы өтті, – деп жазады Tengrinews.kz. Прокурор Қуаныш Жексенбаев үш күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокурордың айтуынша, Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіков жазасын Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің төтенше жағдайдағы қауіпсіздік мекемесінде өтеуі керек. Сондай-ақ, прокурор сотталушыларға 5 жыл уақыт аңшылықпен айналысуға тыйым салуды сұрап, әрқайсынан қорға өтемақы ретінде 30 АЕК өндіруді сұрады. Қылмыскерлердің сыбайластары – Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев пен Айдос Әкімовті 6 жылға дейін бас бостандығынан айырып, жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемесінде өтеуін сұрады. Одан бөлек, 5 жыл уақыт аңшылықпен айналысуға тыйым салып, 20 АЕК төлеуді міндеттеді. Айта кетейік, былтыр 15 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы №1 ауруханада «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиев алған жарақатынан қайтыс болды