Екі-үш күнде шығыста қар жауып, оңтүстікте күн суытады
Екі-үш күнде шығыста қар жауып, оңтүстікте күн суытады
Фото: vrubcovske.ru
261
оқылды
«Қазгидромет» 13-15 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс суық антициклоны еліміздің солтүстік жартысына әсер етеді. Дауыл соғады. Республиканың батыс, солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбырдан соң көктайғақ болуы мүмкін. 14-15 қыркүйекте Қазақстанның шығысында нөсер жаңбыр жауады. Таулы аймақта қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. 15 қыркүйекте түнде Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында -3°С дейін аяз болуы мүмкін.