Полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған 25-тен астам притонды анықтады
Полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған 25-тен астам притонды анықтады
Фото: polisia.kz
229
оқылды
Полицейлер «Stop-трафик» операциясын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, адам саудасына қатысты 20-дан астам қылмысты анықтады. Оның ішінде, еңбегін қанау мақсатында адам ұрлау – 1, адам саудасы – 3, жезөкшелікпен айналысуға тарту – 4, оның ішінде, 2 кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту фактісі бар. Кәмелетке толмағандарды сатудың 5 дерегі тіркелді. Жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстаудың 28 фактісі анықталды. Бұдан басқа, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар бергені үшін 20 әкімшілік құқық бұзушылық және интимдік қызметтер мен қайыр сұрауға байланысты 294 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Шымкент қаласының ПД полиция қызметкерлері құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топтың жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында адам сатумен, оның ішінде, кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан. Жас қыздарды Қазақстанның түрлі қалаларынан «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы жұмысқа қабылдаған. Құжаттарын алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.