Ақтөбеде мемлекеттік мекеме қызметкерлері туды неге өртегендерін айтты

Ақтөбеде мемлекеттік мекеме қызметкерлері туды неге өртегендерін айтты

 Ақтөбе облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті аула ішінде туды өртеген. Қызметкерлер әлеуметтік желіге тарап кеткен видеоға қатысты түсінік берді.

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері аула ішінде ту жақты. Бұл видео әлеуметтік желіге тарап, көпшілік ашуын туғызды.

«Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 12 қыркүйекте арнайы комиссия есептен шығарған туды жақты. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларының 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес ұзақ уақыт пайдалану салдарынан жарамсыз болған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туларын және оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртелді», - деп хабарлады мемлекеттік мекеме басшысы Қаблан Қамбарбеков.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.