Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды
Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды
348
оқылды
Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсынысына байланысты республика Президентінің өтініші іс жүргізуге қабылданды, деп хабарлайды ҚР Қонституциялық Кеңесінің ресми сайты. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде. Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.