LRT желісі 2027 жылы іске қосылады

LRT желісі 2027 жылы іске қосылады

Алматыда жеңіл рельсті көліктің бірінші желісі 2027 жылы іске қосылады. Бұл туралы «Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» бекіту бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин айтты. Спикердің сөзінше, әлем­нің ірі қалаларында азаматтар не­гізінен жүрдек көлік – метро, LRT, BRT-мен жүреді. Авто­бус, ве­ло­сипед, самокат қысқа қа­шық­тыққа жүру үшін қол­да­нылады.

«2025 жылға дейін қолда­ныстағы BRT желісі «Шығыс қақпасы» полиорталығына дейін ұзартылып, Райымбек даңғылы бойымен жаңа BRT желісі іске қосылады. 2025 жылы Қалқаман метро стансасы пайдалануға беріліп, батыс бағыттағы келесі үш стансаның құрылысы бас­талады. 2027 жылға қарай Төле би көшесінің бойында жүрдек жеңіл рельсті жолдың бірінші желісін іске қосамыз», – деді әкім орынбасары.
Сонымен қатар ол арнайы жолақтарды енгізу және ин­теллектуалды көлік жүйесін да­мыту арқылы автобустар мен троллейбустардың саны арта­тынын тілге тиек етті. Бұған дейін қала әкімі Ер­бо­лат Досаев Алматыға LRT же­лісі керек екенін айтып, оны салу мәселесі қазанның басына дейін шешілетінін айтқан болатын. LRT желісінің құрылысы 2020 жылға жоспарланған. Жо­баның инвестициялық құны – 94 203 млн теңге. Сонымен қатар әкімдік жеңіл рельсті көлік же­лісін салу үшін жолда орналасқан қажетті жер телімдерін сатып алмақ болған.