Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі экс-президентіне іздеу жариялады
Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі экс-президентіне іздеу жариялады
© tengrinews.kz
Моңғолия Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі (АТГ - Авилгатай Тэмцэх Газар) елдің бұрынғы президенті Цахиагийн Элбэгдорждың қайда жүргенін анықтау үшін Интерполға өтініш жасады. Ол Сауда және даму банкіне қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған, - деп хабарлайды CentralAsia.
"Элбэгдорж, Моңғолия экс-президенті 2020 жылы елордалық прокуратурамен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оған Сауда және даму банкіне және "Моңғолия мысы" компаниясына үстемдік берді және елдің экономикалық қауіпсіздігін құлдыратты деген айып тағылды. Элбэгдорж 2019 жылы 7 қазанда Моңғолия шекарасынан шығып, қайта оралмаған. Сол себепті АТГ Ц. Элбэгдорж мекен-жайын анықтау үшін Интерполға өтініш жасады", - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта Моңғолия президенті қызметін Халтмаагийн Баттулга атқарып жатыр. Ол 2017 жылы 10 шілдеде өз қызметіне кіріскен.