Агенттік екі облыста 18 миллион теңгенің алкоголь өнімін тәркіледі
Агенттік екі облыста 18 миллион теңгенің алкоголь өнімін тәркіледі
Фото: dknews.kz
292
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысы аумағында алкоголь өнімін заңсыз тасымалдағандарды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Көкшетау мен Петропавл қалаcында жүргізілген жедел іздестіру нәтижеcінде, жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық, бос пластик ыдыстар, дайын алкоголь өнімі тәркіленді. Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады», – делінген ресми хабарламада.