Әлі күнге дейін баспанасыз жүр - халық композитор Қадырғали Көбентайға үй әперу үшін биліктен көмек сұрады
Әлі күнге дейін баспанасыз жүр - халық композитор Қадырғали Көбентайға үй әперу үшін биліктен көмек сұрады
726
оқылды
ҚР Мәдениет қайраткері, композитор, театр және кино актері, әнші Қадырғали Көбентай қазір  үйсіз жүр. Халық ол кісі үшін биліктен көмек сұрады. Бұл туралы Тортуыл Шоқан Facebook  парақшасында жазды. "Қадырғали Көбентай көке, менің түгімді қалдырмай боқтасаңыз да, осыны жазуға бел будым! Мына постымды оқып алып «Алып таста! Мен сенен осыны сұрадым ба?!» десеңізде алмаймын! Бұдан кейін мені табалдырығыңыздан аттатырмасаңыз да ризамын! Жә, Қазақ мәдениетіне, оның ішінде сазгерлік, театр, орындаушылық өнеріне сіңірген өшпес еңбегі бар Қадырғали көкем әлі күнге дейін баспанасыз жүр!" деген автор. Ондағы мәліметке қарағанда, өнер адамының үлкен қызы балет өнерінің үздігі екен, ұлы мықты – ресторатор, кішкене қызы – студент. Үш баласы да болашақтарын шетелдермен байланыстырған. Себеп  белгілі! Жары Рабиға үш жерде кезекпен қызмет етеді. Бұл отбасы кісі қолына қарап отырған жоқ!
"Қадырғали ағаның бірбеткей мінезі баяғының  айтқанынан қайтпайтын батырлар мінезіне тән. Намысын нанға сатпаған жан! Бойындағы сазгерлік, әншілік, актёрлік қасиеті мен көрерменін тәнті еткен өнер иесі. Үкімет есебінен "иттің ұлы итақай"  үйлі болып жатқанын көріп отырса да, билікке жағынып, аяғына жығылмады. Ішкі жалынын 100 грамда болатын жалынмен қайтарып, жатақханада жатып өлген сансыз ағаларының тірі ізбасары. «Өлсем жалдамалы пәтерден шығам ба?» деген ой мазалайтыны анық. Иә, «Осы уақытқа дейін үйі болмаған ба?» деген заңды сұрақ туындайды. Болған! Осыдан 20 жыл бұрын жер үй салып тұрып жатқанда, көмек сұрап келген жақын туысына көмектесу үшін үйін беріп, жалдамалы пәтерге шыққан. «Проблемамды шешіп алғасын үй алып беремін» деген туыстың сол күйі жолы болмаған. 7 млрд ақша жеп, елорданың  жарты нысандарын базарымен қоса басып қалған Арыстанбек пен Тұңғышбай текетіресінде ұстазы Тұқаң үшін соңына дейін тұрды. Арыстанбек өз жақтастары мен бүкіл адам ресурстарын пайдаланып, тұқыртқанына қарсы жігітше тұрып берген-ді. «Фонограммамен ән айтатындарда ми болмайды. Олардың миы орнында дыбыс жинайтын «губка» – резонатор орналасқан. Демек, олардан ақыл сұраудың қажеті жоқ» деп айды аспанға бір-ақ шығарғаны тағы бар. Осы қыркүйек айының 20-сы күні сағ 19.00-де «Алатау» дәстүрлі театрында Қадағамның авторлық кеші өтпек! Концертке барайық, қолдайық, Ағайын! Әлеуметтік желідегі достарым! Сіздерден өтініш,  осы постымды бөлісіп, таратыңыздаршы! Билік естісін!" – деп жазды.
"Толағай боп туылмадым, әттең-ай" дегендей, миллионер болмағанымды қарашы. Әйтпегенде жақсы көретін әнші-құрдасыма, бір коттеджді сыйлар едім..", "Қадекеңе 4 бөлмелі пәтер сыйласа да жөні бар!",–  деп жазды оқырмандар.