72 жастағы әжей көлік тізгіндеп, такси болып жүр
72 жастағы әжей көлік тізгіндеп, такси болып жүр
1,344
оқылды
Абай облысының орталығы Семей қаласында 72 жастағы әже көлік тізгіндеп, такси болып жүр. Техника тілін еркін меңгерген Бибігүл Оспанова Семей тұрғындарын діттеген жеріне еш кедергісіз жеткізеді. "Қиын болса да, үйде балаларыма масыл болып отырғым келмеді", – деді қария "Қазақстан" ұлттық арнасының тілшісіне.  Демікпе ауруы бар қарияға қоғамдық көлікпен қатынау қиынға соққан.
«57 жасымда темір тұлпарды тізгіндеуге тура келді. Өйткені  саяжайыма көк-сөк егемін, оны автобуспен ары-бері тасимын. Ақыры  қиынға соғып кеткен соң, үш ай бойы жүргізушінің оқуын оқыдым. Сөйтіп, жүргізуші куәлігін алдым. Артынан көлік сатып алдым», – дейді Бибігүл әжей.
Қарияны жол сақшылары да артық мазаламайтын көрінеді. "Жолыңыз болсын, апа!" деп шығарып салады екен.