Небәрі 5-6 жыл бұрын салынған мектептердің апатты жағдайда тұрғанына көзім жетті – Асхат Аймағамбетов
Небәрі 5-6 жыл бұрын салынған мектептердің апатты жағдайда тұрғанына көзім жетті – Асхат Аймағамбетов
Фото: Назгүл Назарбек
312
оқылды
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов салынғанына 5-6 жыл болған мектептердің құлауға шақ тұрғанын айтты. Министрдің айтуынша, мектептердің қауіпсіздігін тексеру қажет.
«Соңғы жылдары жаңа мектептердің тозығы жеткені, қауіпсіздігіне қатысты келеңсіз жайт көбейді. Сондықтан Үкімет отырысында облыс әкімдеріне мектептердің техникалық жағдайын тексеру керек деген ұсыныс айттым. Оған қосымша қаражат керек. Таяуда бірнеше облысты аралап, 5-6 жыл бұрын салынған мектептердің өзі апатты жағдайда тұрғанына көзім жетті», – деді Асхат Аймағамбетов.
Бұған дейін Түркістан облысы Төлеби ауданы Қостөбе ауылындағы мектеп құлайын деп тұрғанын жазған болатынбыз.