Бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханға тиесілі болуы мүмкін Нұр-Сұлтан қаласындағы жеті бөлмелі пәтердің сатылатыны туралы хабарландыру жарияланды. Бұл туралы Halyq Uni сайты Arbat Media басылымына сілтеме жасап хабарлады. Ондағы мәліметтерге қарағанда, қазір Түркияда тұрып жатқан Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы қымбат пәтерін сатуды ұйғарған болуы мүмкін. Есіл ауданында орналасқан пәтердің бағасы – 160 млн теңге.
Krisha.kz сайтында жарияланған хабарландырудағы фотосуреттер саясаткердің әлеуметтік желідегі жеке аккаунтындағы суреттеріне ұқсас. Әсіресе, кіреберістегі қабырға мен бөлменің қазақы нақыштағы көрінісі Бекболат Тілеуханның осыған дейін түскен суреттерімен бірдей.