Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі ХХ хатшылығы болды. Іс-шара барысында ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады. Жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады. Ол әлемде береке орнату үшін ұлттар мен ұлыстар бір мақсатқа ұйысуы қажет деген пікір айтты. ҚМДБ төрағасы ислам дінінің жауласқанды жарастыру, дауласқанды достастыру, таласқанды татуластыру бағытындағы рөлі өте жоғары екенін жеткізді.
«Жер шары – бәріміздің ортақ мекеніміз. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне сенсе, көршісіне жақсылық жасасын, ренжітпесін» деген өсиеті бар. Ислам ғұламасы Жәлеледдин Руми: «Шоқ қай жерге түссе де мені күйдіреді» деген болатын. Шынында, шоқ Жер шарының қай тарапына түссе де, бәрімізге өз зиянын тигізбей қоймайды. Жер бетіне бейбіт өмір орнату – күллі адамзаттың қажеттілігі. Бұл – ортақ келісім мен өзара түсінік аясында орындалатын іс. Кез келген келіспеушілік жағдай келісіммен, даналыққа негізделген диалог негізінде шешілуі ләзім», – деді Бас мүфти.