Парламент елордаға бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша қаражат қажет емес, – деп хабарлады Қаржы министрлігі.
"Егер Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға және бланк өнімдерін ауыстыруға қажет болады", – делінген хабарламада.Бұл ретте Қаржы министрлігі мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
"Бұл шараларды мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат аясында, қосымша ақша бөлмей-ақ жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат қажет етілмейді", – деп мәлімдеді ведомство.Айта кетейік, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай оның елорда атауын өзгертуге қатысты ұстанымын мәлімдеген болатын.