«Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы 75 шығарманы үзіліссіз орындады. Шараның мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау. Өнер кеші Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына арналды. «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының құрамына қазақтың халық аспаптарында (қобыз, қылқобыз, домбыра, сырнай, мүйіз сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, саз сырнай, бас домбыра, сыбызғы, су ағаш, тоқылдақ және т.б.) ойнайтын талантты өнерпаздардан құралған. [caption id="attachment_21798" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Мұндай ауқымды шара жастарды дәстүрлі ән өнеріне баулу артистердің жеке музыкалық стилін қалыптастыруға ықпал етеді. «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы Шолпан Қорғанбектің авторлық өңдеуінен өткен қазақ фольклорының жанрлары, яғни күй, жыр, термелерді орындады. «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы шеберлігін үздіксіз арттыруға деген ұмтылысымен ерекше. [caption id="attachment_21800" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Айта кетейік, ұжым – айтулы республикалық және халықаралық музыкалық байқаулар мен фестивальдардың жеңімпазы. Топтың ұжымдық шығармашылығы «Ғасырлар үні» II өңіраралық фольклорлық-этнографиялық фестивалі, «Шабыт» ХХ халықаралық шығармашыл жастар фестивалі, сондай-ақ «Көне Тараз күмбірі» І республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер фестивалінде жүлделі орындарды иеленген. Сондай-ақ Доха қаласында өткен Cultural Diversity халықаралық фестиваліне қатысып, өнерімен тәнті еткен.