Түркістанда 6,5 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Түркістанда 6,5 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды
830
оқылды

Түркістанда 6,5 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды. Шымкент қаласының жеке сот орындаушылары тарапынан Жедел басқару орталығына айыппұл құны 6,5 млн теңгеге жеткен көлікті анықтап беру туралы сұраныс түскен. Ал тәртіп сақшылары сол күні-ақ бейнебақылау камералары арқылы іс-шаралар кешенін жүргізіп, күмәнді көлікті Түркістан қаласындағы көшелердің бірінен тоқтатты.

«Борышкердің автокөлігі айыптұраққа қойылды. Жалпы, жыл басынан бері полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен берешектері мен әкімшілік айыппұлдарын төлеуден жалтарған 20-дан астам автокөлік иесін анықтады», - дейді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.