Еліміздің 13 облысында жел күшейіп, күн суытады
Еліміздің 13 облысында жел күшейіп, күн суытады
Фото: smi24.kz
3,347
оқылды
14 қыркүйекке еліміздің 13 облысына ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстікте, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, түнде облыстың солтүстік-батысында 2 градус аяз болуы ықтимал. Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус аяз сақталады. Жезқазғанда 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Күндіз батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының орталығында дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, түнде облыс орталығында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыс орталығында екпіні 23 м/с өрт қаупі сақталады. Күндіз Қызылордада дауыл тұруы мүмкін. Шығыстан соққан жел екпіні күндіз 15-20 м/с. Өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус аяз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында 15-20 м/с. Абай ауданының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде  15-20 м/с. Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градус аяз сақталады. Күндіз Маңғыстау облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстікте, солтүстікте және облыс орталығында дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз оңтүстікте, облыстың солтүстігінде 23 м/с жылдамдықпен соғады. Ақтауда 14 қыркүйекте күндіз дауыл соғады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысының солтүстігінде түнде 2 градус аяз. Павлодар облысының батысында түнде және таңертең тұман. Облыстың шығысында түнде 3 градус аяз. Павлодарда   түнде 3 градус аяз. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман. Түнде облыстың оңтүстік-батысында 3 градус аяз.