Желіде көшеде оқ атқандардың видеосы тарады
Желіде көшеде оқ атқандардың видеосы тарады
312
оқылды
Видео Іnstagram желісіндегі kris_p_almaty тобында жарияланды. Алматы облыстық полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 19.00-де "Таусамалы Қызмет" МКК қызметкерлері мен Қарасай ауданы Іргелі ауылының тұрғындары оқиға орнына жиналып, резервуарларды толтыру үшін қосымша су көзін салуға кіріскен.
"41 жастағы бұрынғы директор наразылық білдірді, ал оның 45 жастағы күйеуі өзінің газ тапаншасымен ауаға бірнеше рет оқ атқан", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция тапаншаның тәркіленгенін мәлімдеді. Оның иесі тергеу жұмыстарына байланысты Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізілген.
"Нәтижесінде ол әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 485-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті Алматы облысының полиция департаменті.