Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жүлдегері атанды
328
оқылды
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Белградта грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Қызылорда түлегі А.Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті. Бұған дейін 26 жастағы Айдос 2018 жылғы әлем біріншілігінде қола медаль алса, өткен жылы Азия чемпионы атанған еді. Жартылай финалда қазақстандық балуан қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке 0:7 есе жіберді. Қола жүлде үшін бәсекеде Айдос Сұлтанғали мажарстандық Кристиан Кечкеметиді 7:1 есебімен тізе бүктірді.