Алматы облысында бір күнде екі жер сілкінісі тіркелді
Алматы облысында бір күнде екі жер сілкінісі тіркелді
651
оқылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОME» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 13 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 21:54-те жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 89 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 7.4. MPV магнитудасы 3,7. Эпицентр координаттары 43,42° солтүстік 77,96° шығыс. Тереңдігі 25 км», – деді Алматы қаласы ҚҰҰ кезекші операторы.
Бұл Алматы облысында бір тәулікте тіркелген екінші жер сілкінісі. Бүгін сағат 18:44-те сейсмологтар Алматы қаласынан шығысқа қарай 90 шақырым жерде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы аумағында жер сілкінісін тіркеді.